
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балалармен "Кім жүйрік?" интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Балалар топқа бөлініп, берілген тапсырма бойынша шапшаң түрде секіріп өтіп, тәрбиеші қойған сұраққа жауап беру керек. Сұрақтар математика,жаратылыстану, логикалық т.б пәндермен байланыстыратындай болды. Осылай ойын жалғаса береді, қай топта кім тез сұраққа жауап бере алса, сол топ жеңімпаз болады.
Мақсаты: Балалардың зейінін, логикасын, жылдам ойлау қабілетін дамыту, білімін тексеру және дамыту, топпен жұмыс істеу, бәсекелелестік арқылы ынтасын арттыру. Топ жетекшілері: Жаксалыкова Д. Қалжанова М.