
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Happi Summer" тілдік үйірмесінде, "Who wants to be a millionare" форматында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Бұл ойын барысында балалар сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін сынап, жаңа ақпараттармен танысты. Интерактивті формат балалардың белсенді қатысуына, бір-бірін қолдауына және шынайы қызығушылық танытуына жол ашты. Мақсаты:Балалардың ағылшын тілі бойынша білім деңгейін тексеру және тереңдету, логикалық ойлау мен шешім қабылдауға үйрету. Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Жетекшісі: Әбдықадыр С.