
Бүгін "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде балалармен "Ермексазбен мүсіндеу" жасау іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар шығармашылығының дамытудың ең қызықты әрі пайдалы жолдарының бірі мүсіндер жасау. Сондықтан, бүгінгі іс-шарада балалар түрлі түсті ермексаз арқылы өздерінің ойындағы кейіпкерлерін жануарларды, қазақ үй, табиғат көріністерін жасап, фонтазияларын еркін көрсете білді. Әрбір жұмыс ерекше, әр бала өзіндік көзқарасын, нәзік сезімін және еңбекқорлығын көрсетті. Ермексазбен жұмыс істеу балаларға сабырлылықты, байқағыштықты,ұқыптылықты үйретеді. Мұндай шығармашылық сәттер олардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік ойлау мен бейнелеу қабілеттерін жетілдіреді. Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту, саусақ икемділігін арттыру, қиял мен шығармашылық ойлауды жетілдіру, түстерді тану, үйлестіру, пішін жасау дағдыларын қалыптастыру. Топ жетекшілері: Сатылғанова Ж. Қалжанова М.