
Бүгін "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде "Ереже бойынша жүретін жаяу жүргінші" тақырыбында балалармен ойын ойнатылды. Тәрбиеші балаларға жолда жүру ережесін мұқият ойын арқылы түсіндіріп өтті. Бағдаршам атрибуттарын кигізіп, үш бала бағдаршам рөльінде болса, бір бала жаяу жүргінші рөльінде болды. Жаяу жүргінші жолды кесіп өтетін адам. Бірақ ол кез-келген жерден өте алмайды. Бағдаршамға қарап, арнайы жолақпен жүруі керек. Балаларға топ жетекшісі: Жаксалыкова Д. өзінің нұсқауларын үйретті. Қате жасаған балаларға түсініктеме берілді. Балалар бағдаршамға қарап жолдан дұрыс өтулері керек. Ойын осылай жалғасты. Балалар керемет көңіл-күйде қатысты.
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерін үйрету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы түсінік беру, жол белгілерін ажырата білуге дағдыландыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу, жауапкершілік пен зейінділікке баулу.