22
январь
2025
№2 Аспара ЖОББМ мектеп психологы З.Мамырбаеваның ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларымен "Балалардың жол-көліктен зақымдануының алдын алу" тақырыбында арнайы тренинг өткізілді
№2 Аспара ЖОББМ мектеп психологы З.Мамырбаеваның ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларымен "Балалардың жол-көліктен зақымдануының алдын алу" тақырыбында арнайы тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімін арттыру және қауіп-қатердің алдын алу шараларымен таныстыру.
Шара барысында балаларға жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің және көлік жүргізушілерінің жолда өзін-өзі ұстау тәртіптері интерактивті түрде түсіндірілді.
Практикалық бөлімде қатысушылар жол ережелері бойынша ойындарға қатысып, түрлі жағдайларды шешу бойынша тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, мамандар балаларға арнайы қауіпсіздік белгілері, жарық шағылыстыратын элементтердің маңыздылығы және төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпарат берді.
Осындай тренингтер жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және балалардың өмірін қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.