
Жазғы "Айгөлек" лагерьінің балаларымен бүгін "Кітапханаға саяхат" тақырыбында іс-шара өткізілді. Балалар түрлі аңыз әңгімелер, қазақ халқының батырларының өмірі мен қызықты ертегілері бар кітаптармен танысты. Кітапханашы: Мұхтарова Ж. балалардан кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойларын білді. Кітап-білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Бүгін біздің ерекше саяхатымыз "Кітапханаға саяхат" . Бұл жай ғана ғимарат емес, бұл-ақыл мен білімнің әлемі екенін түсіндіріп өтті. Топ жетекшілері: Жаксалыкова Д мен Қалжанова М кітапхана- тыныштықты сүйетін, білімге құштар адамдардың мекені екенін балаларға ұғындырды.
Мақсаты: Балаларға кітапхана туралы түсінік беру, кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру. Кітапхананың қызметімен таныстыру арқылы білімге құштарлықты арттыру, ізденімпаздыққа баулу.