
Бүгін "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Спорт- денсаулық кепілі" тақырыбында спорттық іс-шара өткізілді. Балалар топқа бөлініп арқан тартысып, жүгіріп жарысты. Спорт-адам өмірінде маңызы зор екені жөнінде тәрбиешілер балаларға түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, спорт арқылы стресстен арылуға және көңіл-күйді көтеруге болады. Осылайша спорт-денсаулықтың кепілі ғана емес, адамның рухани байлығын да арттыратын маңызды құрал болып табылады. Мақсаты: Балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, денсаулықтың маңыздылығын ұғындыру. Табиғатын сүюге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу. Жетекшілері: Тәжиева Б, Сатылғанова Ж, Жақсылықова Д, Әбдықадыр С.