
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде, бүгін балаларға "Дұрыс тамақтану" жөнінде пайдалы кеңес өткізілді. Бұл іс-шара барысында балалар пайдалы және зиянды тағам түрлерімен танысты. Шарада қызықты сұрақ-жауап, ойындар мен түрлі визуалды материалдар арқылы балалар пайдалы азық-түліктерді ажыратуды үйренді. Балалар жемістер мен көкөністердің ағзаға тигізетін пайдасы туралы білді, пайдалы тағамдардан ас мәзірін құрастырып, сурет салу, топтық ойындар арқылы алған білімдерін бекітті. Бұл шара балалардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, дұрыс тамақтануға деген қызығушылықтарын оятты.
Мақсаты: Балаларға дұрыс және пайдалы тамақтанудың маңыздылығын ұғындыру, күнделікті тамақтану дағдыларын қалыптастыру, зиянды тағамдардан аулақ болуға тәрбиелеу. Денсаулықты сақтау үшін пайдалы азық-түліктерді ажыратуды үйрету. Топ жетекшілері:
Жаксалыкова Д. Қалжанова М.