
"Алға Қазақстан!" би флешмобы - балалардың музыкалық ырғаққа сай бірігіп би билеу арқылы Отанына деген мақтанышын, қуанышын білдіретін топтық өнер түрі. Бүгін "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде балалармен флешмоб ашық аспан астында да, сахнада да ұйымдастырылды. Балалардың қалауы бойынша. Балалар бірдей қимылдарды орындай отырып, ырғақты музыкамен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл флешмоб балалардың елге деген сүйіспеншілігін өнер арқылы білдіруіне, ұйымшыл болуына , сахнада өзін еркін ұстауына көмектеседі. Сонымен қатар лагерьдегі достық, көтеріңкі көңіл-күй мен патриоттық рух қалыптасады.
Мақсаты: Балалардың патриоттық сезімін ояту, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерге, би мәдениетіне қызығушылықтарын дамыту, лагерьде көңілді,мазмұнды, әсерлі орта қалыптастыру. Тәлімгер: Тургумбаева Г. Топ жетекшілері: Жаксалыкова Д. Қалжанова М.