
Жаз- балалықтың ең жарқын, ең көңілді мезгілі. Ал, балалар бұл шуақты күндерді естен кетпестей өткізу үшін өз қиялын түрлі түсті борлар арқылы асфальт бетіне бейнеледі. "Көңілді жаз" тақырыбында балалар жарыса сурет салды. Асфальтқа сурет салу барысында балалар табиғат көріністерін, ертегі кейіпкерлерін, отбасы, достық пен бейбіт өмір туралы ойларын қағаз емес, тікелей кеңістікке түсірді. Бұл шығармашылық сәттер олар үшін шабыт көзіне айналды.
Мақсаты: Балаларға кеңістікті қабылдауға үйрету, сурет салу арқылы көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік беру, топпен жұмыс істеу, достықты, қарым-қатынасты нығайту. Топ жетекшілері: Жаксалыкова Д. Сатылғанова Ж.