Психологиялық қызмет » Страница 2 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жазғы лагерьге дайындығың қалай?" сауалнама
17
июнь
2025
"Жазғы лагерьге дайындығың қалай?" сауалнама
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьіндегі балалармен "Жазғы лагерьге дайындығың қалай?" психологиялық сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты: Бұл сауалнама балалардың жазғы лагерьге деген психологиялық дайындығын анықтауға бағытталған. Сауалнама арқылы олардың лагерьге баруға деген ниеті, күтуі және әлеуметтену деңгейі бағаланады. Жиналған мәліметтер  негізінде педагог-психологтар балаларға бейімделу кезеңінде көмек көрсету үшін жеке немесе топтық қолдау  шараларын ұйымдастырады. Мектеп
"Сәлемдесу-амандасу" қарым-қатынас мәдениеті
16
июнь
2025
"Сәлемдесу-амандасу" қарым-қатынас мәдениеті
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде балалармен "Сәлемдесу-амандасу" қарым-қатынас мәдениеті жөнінде психологиялық ойын жаттығулары жүргізілді. Балалар  шеңберге тұрып, додокаэдр әдісі арқылы, шарды бір-біріне бере отырып,әр бала өз есімі мен сүйікті ісін айтады. Балалар бүгінгі көңіл-күйлерін айтып, бір-біріне жақсы тілектерін білдірді. Сонымен қатар, ойын жаттығулары өткізілді.  Мақсаты: Балаларға амандасу мәдениетін қалыптастыру, эмоцияны білдіруге үйрету, қызығушылықпен көңіл-күйді
"Лагерьден алған әсерім" ой толғау
13
июнь
2025
"Лагерьден алған әсерім" ой толғау
"Лагерьден алған әсерім" тақырыбында "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балалардың көңіл-күйін бақылап , жазғы демалыстарын жақсы өткізуіне ықпал жасай отырып, балалар арасында ой-толғау жүргізілді. Балаларға  лагерьде әр күн таңғы жаттығумен басталып, түрлі сайыстармен жалғасатыны ұнаса, кейбіреуіне психологиялық жаттығулар мен тренингтер ұнағанын айтты. Балалар белсене, қызығушылықпен қатысты. Мақсаты: балардың жазғы демалысындағы жағымды сәттерін сипаттап, ой бөлісу қабілетін дамыту, сезім
"Молекула" ойыны
12
июнь
2025
"Молекула" ойыны
Балалармен "Молекула" ойыны ойнатылды. Балалар сол санда көрсетілгендей шағын топтарға бірігіп бір-бірін ұстап алуы керек. Мысалы, "Молекула-3" дегенде, 3 баладан тұратын топтар құрылады. Кімде-кім топ құра алмай қалса немесе дұрыс санмен топтаспаса, сол бала ойыннан уақытша шығады немесе ән айтып, би билеп өз өнерін көрсетеді. Ойын осылай жалғасады, әр жолы сан өзгертіледі. Мақсаты: балалардың ұйымшылдық қабілетін дамыту, жылдам реакция мен зейінділікті арттыру, дене белсенділігін жетілдіру,
"Адамның  еңбекте көмекшілері бар ма?" жаттығуы
11
июнь
2025
"Адамның еңбекте көмекшілері бар ма?" жаттығуы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьіндегі балалармен "Адамның  еңбекте көмекшілері  бар ма?" тақырыбында миға шабуыл жаттығуы өткізілді. Яғни, балаларға түрлі суреттері бар карточкалар үлестіліп беріледі, солардың ішінен адам еңбекте қолданатын құралдарды тауып, ақ қағаз бетіне желімдеу жөнінде тапсырмалар жасалуы қажет. Балалар таласа тапсырманы жоғары деңгейде орындап берді.  Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, тілдік қорын арттыру, топта жұмыс жасау дағдыларын меңгерту. 
"Хайуанаттар бағы" ойыны
10
июнь
2025
"Хайуанаттар бағы" ойыны
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінің балаларымен "Хайуанаттар бағы" ойыны ойнатылды. Балалар жақсы көңіл-күймен ойынға қатысты.  Мақсаты: Жануарлардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету, қимыл-қозғалыс арқылы ойлау қабілетін дамыту, жануарлар туралы білімін кеңейту. 
"Дос боламыз бәріміз"  тренингі
09
июнь
2025
"Дос боламыз бәріміз" тренингі
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде жас ерекшеліктеріне қарай "Дос болайық бәріміз" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: достық қарым-қатынастарын нығайту, ойын арқылы балаға достың маңыздылығын ұғындыру, бір-бірін түсіну мен құрметтеуге үйрету, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту және позитивті орта қалыптастыру. Жағымды эмоционалды атмосфера құру. Психолог: Мамырбаева З.Б
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
05
июнь
2025
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Балдырған" тобымен "Жаңбыр" сергіту жаттығуы өткізілді. Бұл сергіту ойыны арқылы балалар табиғат құбылыстарын дене қимылы арқылы бейнелейді. Қарапайым қимылдар мен ойын элементтері арқылы балалардың қиялы дамып, денелері сергіп, көңіл-күйі көтеріледі. Мақсаты: Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, табиғатты тануға қызығушылықтарын ояту, есту және елестету қабілетін жетілдіру, шаршауды басу, күнделікті белсенділіктерін арттыру. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04
июнь
2025
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04.06.2025ж  жазғы сауықтыру лагерінде балаларға  "Түрлі-түсті табиғат" арт-терапиясы  жүргізілді. Балалар екі топқа бөлініп, әдемі табиғатты қиялдарымен әсемдеуге кірісті. Мақсаты: Балалардың ішкі жан дүниесін ашу, эмоционалдық күйін реттеу, табиғат арқылы тынығу мен шабыт алу дағдыларын қалыптастыру, түстерді сезіну арқылы өз ойын шығармашылықпен жеткізуге мүмкіндік беру. Мектеп психологы:  Мамырбаева З.Б
"Артық орындық" ойыны
03
июнь
2025
"Артық орындық" ойыны
03.06.2025ж «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Артық орындық"  ойыны ойнатылды.  Балалар жақсы көңіл-күймен, жарыса ойнады.  Ойынның мақсаты: балалардың зейінін, жылдамдық пен шапшаңдықты дамыту, кеңістікте дұрыс бағдарлай білуге үйрету, сонымен қатар ойын барысында қызығушылықтарын арттырып, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, жақсы көңіл-күй сыйлау. Педагог-психолог: Мамырбаева З. Б