
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде бүгін "Менің көңіл-күйім" ойыны ұйымдастырылды. Балаларға эмоциялары мен көңіл-күй туралы жеңіл әрі түсінікті түрде түсіндіріп өттік. Көңіл-күй дегеніміз -біздің ішкі сезіміміз. Біз қуансақ-күлімдейміз, ашулансақ -қабағымыз түсіп кетеді. Көңіл-күйіміз күн сияқты: кейде ашық, кейде бұлтты болады. Балалармен "Смайликтер ойыны", "Көңіл-күй түстері" сияқты ойындар ойнатылды. Мақсаты: 7-8 жас аралығындағы балаларға өз көңіл-күйлерін тануға, түсінуге және дұрыс білдіруге көмектесу. Эмоцияны басу, жағымды ойлау мен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б