Материалы за Июнь 2025 года » Страница 5 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июнь 2025 года » Страница 5
"Әнші,биші, күйші балапан." топтар сайысы
09
июнь
2025
"Әнші,биші, күйші балапан." топтар сайысы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Әнші,биші,күйші балапан" топтар сайысы өткізілді. Шағын концерттік бағдарлама да балалар ән айтып,бірі би билесе ,енді бірі "Флешмоб" билеп өз өнерлерін көрсетті. Көңілді ойындар ойнатылды. Балалар белсене қатысты.  Мақсаты: Өнер арқылы балалардың өз-өзіне деген сенімділігін нығайту, сахнада өзін еркін ұстауға үйрету. Шығармашылық тапсырмалар арқылы бала қиялын дамыту. Екі топ тәрбиешілері: Тәжиева Б. Сатылғанова Ж.
"Who wants to be a millionare" интеллектуалды ойын
09
июнь
2025
"Who wants to be a millionare" интеллектуалды ойын
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Happi Summer" тілдік үйірмесінде, "Who wants to be a millionare" форматында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Бұл ойын барысында балалар сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін сынап, жаңа ақпараттармен танысты. Интерактивті формат балалардың белсенді қатысуына, бір-бірін қолдауына және шынайы қызығушылық танытуына жол ашты. Мақсаты:Балалардың ағылшын тілі бойынша білім деңгейін тексеру және тереңдету, логикалық ойлау мен шешім қабылдауға үйрету. Ағылшын
"Дос боламыз бәріміз"  тренингі
09
июнь
2025
"Дос боламыз бәріміз" тренингі
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде жас ерекшеліктеріне қарай "Дос болайық бәріміз" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: достық қарым-қатынастарын нығайту, ойын арқылы балаға достың маңыздылығын ұғындыру, бір-бірін түсіну мен құрметтеуге үйрету, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту және позитивті орта қалыптастыру. Жағымды эмоционалды атмосфера құру. Психолог: Мамырбаева З.Б
"Шынықсаң- шымыр боласың" іс-шара
05
июнь
2025
"Шынықсаң- шымыр боласың" іс-шара
"Шынықсаң -шымыр боласың" тақырыбында "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен іс-шара өткізілді. Денсаулық-адамның ең үлкен байлығы. Ал денсаулықты сақтау үшін күнделікті қозғалыс пен дене шынықтыру өте маңызды. "Қыран тобы", "Балдырған тобы" болып балалар арқан тартысып, өз күштерін көрсетіп нәтижеге жетті. "Кім жылдам?" ойыны ойнатылды, яғни қақпаға допты бірінші болып салған бала жеңіске жетеді. Балалар белсене жарыса қатысты.Мақсаты: Балаларға дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
05
июнь
2025
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Балдырған" тобымен "Жаңбыр" сергіту жаттығуы өткізілді. Бұл сергіту ойыны арқылы балалар табиғат құбылыстарын дене қимылы арқылы бейнелейді. Қарапайым қимылдар мен ойын элементтері арқылы балалардың қиялы дамып, денелері сергіп, көңіл-күйі көтеріледі. Мақсаты: Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, табиғатты тануға қызығушылықтарын ояту, есту және елестету қабілетін жетілдіру, шаршауды басу, күнделікті белсенділіктерін арттыру. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Түскі ас"
05
июнь
2025
"Түскі ас"
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Түскі астары" күнделікті беріліп отырады.  11.00-де түскі астарын уақтылы дайындайды. Бұл уақытта балалар ыстық тағам ішіп, денесіне қажетті дәрумендермен күш алады.  Ас ішпестен бұрын қолдарын жуу жөнінде тәрбиешілер ескертіп отырады. Мектеп Медбикесі Абдырахманова Р. арнайы асхананың тазалығын тексеріп, тағамдардың сапалы болуларын ескертеді. Балалар тағамдарын тауысып, жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарқасады.Мақсаты: Балаларға түскі астың маңызын
" Film time" бейне баян көрсету.
05
июнь
2025
" Film time" бейне баян көрсету.
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Time kino" атты қызықты кино сағаты ұйымдастырылды. Балалар түрлі тәрбиелік мәні бар анимациялық фильмдерді тамашалап, экрандағы оқиғалар арқылы жақсы мен жаманды ажырату,достық пен мейірімділік секілді құндылықтарды ұғынды. Іс-шара соңында балалар өз ойларымен бөлісіп, кейіпкерлердің әрекеттеріне талдау жасады. Бұл шара балалардың ой-өрісін кеңейтіп, кино арқылы тәрбие алуға ықпал етті. Жетекшісі: Әбдықадыр С.
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04
июнь
2025
"Түрлі -түсті табиғат" арт-терапия
04.06.2025ж  жазғы сауықтыру лагерінде балаларға  "Түрлі-түсті табиғат" арт-терапиясы  жүргізілді. Балалар екі топқа бөлініп, әдемі табиғатты қиялдарымен әсемдеуге кірісті. Мақсаты: Балалардың ішкі жан дүниесін ашу, эмоционалдық күйін реттеу, табиғат арқылы тынығу мен шабыт алу дағдыларын қалыптастыру, түстерді сезіну арқылы өз ойын шығармашылықпен жеткізуге мүмкіндік беру. Мектеп психологы:  Мамырбаева З.Б