
Бүгінгі таңда экологиялық тәрбие-ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. Осы мақсатта мектебімізде еліміз бойынша кеңінен қолға алынған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Акция барысында мектеп ауласындағы гүлзарлар мен жасыл желектер арамшөптерден тазартылып, топырақ қопсытылып, ағаш түптері әктелді. Ұстаздар қауымы мен мектеп қызметкерлері бірлесе отырып, аумақтың санитарлық тазалығына ерекше көңіл бөлді. Қолға күрек, тырнауыш,шелек алған ұжым мүшелері бірлік пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті. Көгалдандыру жұмыстары мен гүлдерге күтім жасау барысында әрбір жан табиғатқа деген жанашырлығын білдірді. "Тазалық - денсаулық кепілі" демекші, ұжым арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жерді аялауға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, ата-аналар назарына "Таза Қазақстан" акциясы бойынша хабарландырулар жүргізілді.