16
апрель
2025
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және оның шығу тарихы" танымдық сағаты өтті
№2 Аспара ЖОББМ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарына сай "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және оның шығу тарихы" тақырыптарында танымдық сағаты өтті. Танымдық сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының мәні мен мағынасы, шығу тарихы туралы мағлұмат беріліп, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстары жүргізілді.





