05
февраль
2025
"ҚМЖ:дескриптор құрастыру" тақырыбында коучинг-тренинг
Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 5 ақпан күні "ҚМЖ:дескриптор құрастыру" тақырыбында коучинг-тренинг өткізілді. Коучинг-тренинг барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Мусаева қысқа мерзімді жоспардың құрылымы мен дескриптор құрастырудың қадамдарын көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә. Нілдібаева 6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен "Менің атым Қожа" шығармасы бойынша дайындаған қысқа мерзімді жоспарымен таныстырды. Коучинг-тренингке қатысқан мұғалімдер топқа бөлініп, ұсынылған тапсырмалар бойынша дескриптор құрастырды.




