"Әкелер күні"
Әке-отбасының тірегі, қорғаны, баласының өмірлік жолындағы алғашқы ақылшысы. Ол- сабырлықтың ,адалдықтың еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің үлгісі. Әке-тек қамқоршы ғана емес, ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беретін, өмір жолын айқындап беретін тұлға. Бүгін біз "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінде ерекше күн "Әкелер күні" тақырыбында іс-шара өтудеміз. Әрбір баланың жүрегінде әкесіне деген риясыз сүйіспеншілік бар. Сол сезімді бүгін балалар әнмен, өлеңмен, жүрекжарды тілектермен жеткізе білді.