"Молекула" ойыны
Балалармен "Молекула" ойыны ойнатылды. Балалар сол санда көрсетілгендей шағын топтарға бірігіп бір-бірін ұстап алуы керек. Мысалы, "Молекула-3" дегенде, 3 баладан тұратын топтар құрылады. Кімде-кім топ құра алмай қалса немесе дұрыс санмен топтаспаса, сол бала ойыннан уақытша шығады немесе ән айтып, би билеп өз өнерін көрсетеді. Ойын осылай жалғасады, әр жолы сан өзгертіледі. Мақсаты: балалардың ұйымшылдық қабілетін дамыту, жылдам реакция мен зейінділікті арттыру, дене белсенділігін жетілдіру,