Материалы за 05.06.2025 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 05.06.2025
"Шынықсаң- шымыр боласың" іс-шара
05
июнь
2025
"Шынықсаң- шымыр боласың" іс-шара
"Шынықсаң -шымыр боласың" тақырыбында "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен іс-шара өткізілді. Денсаулық-адамның ең үлкен байлығы. Ал денсаулықты сақтау үшін күнделікті қозғалыс пен дене шынықтыру өте маңызды. "Қыран тобы", "Балдырған тобы" болып балалар арқан тартысып, өз күштерін көрсетіп нәтижеге жетті. "Кім жылдам?" ойыны ойнатылды, яғни қақпаға допты бірінші болып салған бала жеңіске жетеді. Балалар белсене жарыса қатысты.Мақсаты: Балаларға дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
05
июнь
2025
"Жаңбыр" Сергіту жаттығуы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Балдырған" тобымен "Жаңбыр" сергіту жаттығуы өткізілді. Бұл сергіту ойыны арқылы балалар табиғат құбылыстарын дене қимылы арқылы бейнелейді. Қарапайым қимылдар мен ойын элементтері арқылы балалардың қиялы дамып, денелері сергіп, көңіл-күйі көтеріледі. Мақсаты: Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, табиғатты тануға қызығушылықтарын ояту, есту және елестету қабілетін жетілдіру, шаршауды басу, күнделікті белсенділіктерін арттыру. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б
"Түскі ас"
05
июнь
2025
"Түскі ас"
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Түскі астары" күнделікті беріліп отырады.  11.00-де түскі астарын уақтылы дайындайды. Бұл уақытта балалар ыстық тағам ішіп, денесіне қажетті дәрумендермен күш алады.  Ас ішпестен бұрын қолдарын жуу жөнінде тәрбиешілер ескертіп отырады. Мектеп Медбикесі Абдырахманова Р. арнайы асхананың тазалығын тексеріп, тағамдардың сапалы болуларын ескертеді. Балалар тағамдарын тауысып, жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарқасады.Мақсаты: Балаларға түскі астың маңызын
" Film time" бейне баян көрсету.
05
июнь
2025
" Film time" бейне баян көрсету.
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балаларға "Time kino" атты қызықты кино сағаты ұйымдастырылды. Балалар түрлі тәрбиелік мәні бар анимациялық фильмдерді тамашалап, экрандағы оқиғалар арқылы жақсы мен жаманды ажырату,достық пен мейірімділік секілді құндылықтарды ұғынды. Іс-шара соңында балалар өз ойларымен бөлісіп, кейіпкерлердің әрекеттеріне талдау жасады. Бұл шара балалардың ой-өрісін кеңейтіп, кино арқылы тәрбие алуға ықпал етті. Жетекшісі: Әбдықадыр С.