"Болашақты бірге отырғызамыз" оқушылармен бірге тал отырғызу акциясы
№2 Аспара ЖОББМ "Болашақты бірге отырғызамыз" оқушылармен бірге ағаш отырғызу акциясына ұйымдастырылды. Акцияға аудандық білім бөлімінің басшысы А.А.Алтынбаева, аудан әкімшілігінен, ауыл ақсақалдары мен әжелеріміздің қатысуымен оқушылармен бірге қарағай және жеміс талдары отырғызылды. Бұл акция болашақта мектеп ауласын көркейтіп қана қоймай, оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, оларды табиғатты қорғаушы азаматтар ретінде тәрбиелеуге мүмкіндік береді.